Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төтенше оқиға бүгін таңға жақын «Метро» сауда орталығына тақау тұстағы темір жол өткелінде орын алған. «КамАЗ» жүк көлігінің маневрлік пойызбен соқтығысуы салдарынан астық тиелген үш вагон темір жолдан шығып еткен. Ал жүк көлігінің жүргіушісі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Жол апаты темір жолдың жеке торабында орын алды, сондықтан да басқа пойыздардың қозғалысына еш бөгет болған жоқ.
Дегенмен «Астана-Қарағанды» авто жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру бригадасы жұмыс істеуде.