ШҰҒЫЛ: Астанада Қазмедиа орталығы өртеніп жатыр

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Елордадағы негізгі республикалық телеарналар орналасқан Қазмедиа орталығында өрт шықты.

Куәгерлердің айтуынша, жалын ғимараттың төменгі блогының төбесінде пайда болды. Оқиға орнында сегіз өрт сөндіру машинасы жұмыс істеуде.

«Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері көшіру және құтқару жұмыстарын жүргізуде. Қанша аумақ отқа оранғаны әзірге белгісіз», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы Астана ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Бибігүл Есмағанбетова.