ШҰҒЫЛ: Астанада көпқабатты үй өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Мирзоян көшесіндегі нөмірі 23/1-ші үйдің жертөлесі өртеніп жатыр. Аталған аудан қоршауға алынды. Дәл қазір көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде. Өрт сөндірушілер адамдарды терезеден алып шығып жатыр.

Төтенше жағдаймен күресуге ТЖМ мен полиция қызметкерлері тартылды. Өрт сөндіру қызметінің ондаған техникасы жұмылдырылды.

Полиция қызметкерінің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағандай, бірінші қабаттағы пәтердің бірінен басталған электр тоғының тұйықталуы оныншы қабатқа дейін жалғасты. Өрттің шығуына сол себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта зардап шеккен ешкім жоқ.