Қазіргі таңда құрылысшылар мен Астана қаласы ТЖД Құтқару қызметінің жеке құрамының күшімен зардап шеккендердің барлығы үйінді астынан шығарылды. Ілініп тұрған металл конструкцияларды бекіту жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнында 5 жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті.
09:42, 25 Сәуір 2014
ШҰҒЫЛ: Астанада құрылыс алаңында металл конструкциясы құлап, 7 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 9:00-де Астана қаласы ТЖД-не «Көркем» ТК құрылысындағы металл конструкциясы құлап, құрылысшылар зардап шекті деген хабар келіп түсті, деп хабарлайды Астана қалалық ТЖД. Құтқарушылар келіп жеткен сәтте металл үйінділерінің астында 4 адам қалып қойғаны белгілі болған. Оларға ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ның қызметкердері шұғыл көмек көрсеткен.