ШҰҒЫЛ: Астанада өртте екі бала қаза болды

None
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Жексенбі күні кешқұрым Астана қаласының Алматы ауданында баспана ретінде уақытша салынған құрылыс өртенді.

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, 40 шаршы метр аумақты шарпыған жалын бір сағаттан кейін ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнында балалардың - екі жастағы және жаңа туған нәрестенің мәйіттері табылды.