«Басында бір автокөлік жарылды, одан соң соның қасында тұрған екінші көлік те жарылып кетті. Абырой болғанда, көліктер ішінде адамдар болған жоқ», - дейді куәгерлер. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жасағы мен полиция қызметкерлері жеткен. Құрбан болғандар жоқ, оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Айта кетейік, минивэндер трансформаторлы шағын стансалардың қасында тұрған.