ШҰҒЫЛ: Астанада заңсыз алкогольдің ірі партиясы тәркіленді

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  департаментінің қызметкерлері заңсыз алкогольдік ішімдіктердің ірі партиясын анықтады.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында департаменттің баспасөз хатшысы Гүлжанат Құштарова мәлім етті.

Тамыздың 29-ы күні өткен жедел-іздестіру шаралары барысында «Адмиралтейская», «Хлебная Русь», «Журавушка», «Парламент», «Финка», «Хуторянка», «Березована бруньках» арақтары, «Әл-Фараби» және «Адмирал» коньяктары, сондай-ақ «Blunun», «Chateau» және «Merlot» маркалы шараптардың 155 мың данасы сақталған заңсыз алкоголь өнімдерінің қоймасы анықталды. «Бұл - жыл басынан бері тәркіленген заңсыз алкогольдің ең ірі партиясы. Қазіргі кезде сот-криминалистік сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша шығынның нақты көлемі белгілі болады», - дейді Г.Құштарова.