ШҰҒЫЛ: Астанада жер үйде болған өртте 3 бала көз жұмды, 4 жастағы қыз ауруханаға түсті

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Астана қаласының аумағындағы Өндіріс кентінде жекеменшік тұрғын үйде өрт болды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нен.

50 шаршы метр аумақты шарпыған өрт, 2 сағаттан кейін толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Жалын салдарынан 1, 2 және 5 жасар үш бала оқиға орнында көз жұмды, 4 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.