ШҰҒЫЛ: Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылады

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылады, деп хабарлайды қалалық ЖПБ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Бараев көшесінің Кравцов көшесімен қиылысы, Сарыарқа даңғылының Бөгенбай мен Сейфуллин көшелері арасындағы бөлігі, Қабанбай даңғылының көпірден бастап, Сарайшық көшесіне дейінгі тұсы, Тілендиев көшесінің Қарталы жолымен қиылысқан аумағы, Мәскеу мен Потанин атындағы көшелердің қиылысы, Кенесары мен Ғабдулин көшелерінің ұштасқан бөлігі жабылады.

Осыған орай, Жол полициясы басқармасы қала жүргізушілерінен аталған учаскелерді алдын ала айналып өту бағыттарын қарастыруларын сұрайды.