Жалын 21.16-да ауыздықталып, 21.42-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 35 қызметкері мен 11 техника бірлігі, «АМО» ММ 3 қызметкері мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «ОӨАЖҚЖ» ММ 5 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Жалын 15 м2 аумаққа таралды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру кезінде 30 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, 25 адам құтқарылды (соның ішінде 7 бала бар).