ШҰҒЫЛ: Астанадағы «Ағылшын орамы» кешенінде құрылысшы құлап, жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы жаңадан салынып жатқан «Ағылшын орамы» тұрғын үй кешенің салып жатқан құрылысшының бірі жарақат алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

3 метр биіктіктен құлаған 28 жастағы С.Алимов ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, ол - «СК-Базис» ЖШС-нің жұмысшысы.

Айта кетейік, аталған құрылыс нысаны - елорданың сол жағалауындағы элиталық сыныптағы үйлердің бірі.