Өрт 3 сағаттан кейін сөндірілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 127 адамы мен 33 техникасы және ҚР ТЖМ шұғыл құтқару жасағының 8 адамы мен 2 техникасы және ҚР ТЖМ «ЦМК» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Жалын 800 шаршы метрді шарпып өтті. Өртті сөндіру барысында 150 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.