ШҰҒЫЛ: Астанадағы құрылыста екі шетелдік жұмысшы құлады
08:21, 18 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы Мұзайдыны сарайының құрылысы нысанында жұмыс істеп жатқан екі жұмысшы құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Мұзайдыны сарайы - Тұран көшесінде салынып жатқан жаңа ғимараттың бірі. Белгілі болғандай, 3 метр биіктіктен құлаған «Мабко-констракшн» ЖШС-нің жұмысшылары. Құлаған 1958 жылы туған Н. Манеко мен 1985 жылы туған Ш.Айдини есімді азаматтар елімізге Албаниядан келген. Қазір құлаған қос құрылысшы ауруханада жатыр.