ШҰҒЫЛ: Астанадан шығатын барлық бағыттар бойынша қозғалыс үшін жол жабылды

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының төмендеуі) 16 желтоқсан сағат 18.00-ден барлық бағыттар бойынша қоғамдық және дизельді көліктердің қозғалысы үшін жол жабылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының төмендеуі) 16 желтоқсандағы сағат 10.35-тен Молодежный-Павлодар және «Қызылорда-Павлодар» тас жолдары қоғамдық, жүк және дизельді көліктердің қозғалысы үшін жабық.

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының төмендеуі) 16 желтоқсандағы сағат 17.30-дан барлық бағыттар бойынша қоғамдық және дизельді көліктердің қозғалысы үшін жол жабылды.