ШҰҒЫЛ: Астананың қақ ортасында спорттық екі көлік - Форд Мустанг пен Мерседес-Бенц SLK соқтығысты (ФОТО)

None
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін күннің екінші жартысында Астанада Тәшенов көшесі бойында, «Аурика» жанар-жағармай стансасы аумағында қатарынан екі бірдей төбесі ашық, сирек кездесетін, қымбат әрі сәнді спорттық көліктер - 5-ші буындағы «Форд

Мустанг» кабриолеті мен бірінші генерациялы «Мерседес-Бенц SLK» соқтығысып, жол-көлік апатын жасады. 

Екі көлікке де айтарлықтай зақым келді. Фордтың бамперлері мен оң жақ қанаты, Мерседестің алдыңғы жағы мен қозғалтқышы зақымдалды. Екі шетелдік көлік қатты соққыдан жаяу жүргіншілер жолы мен газонға шығып кетті. 

Екі көліктің де айтарлықтай зақымдалғанына байланысты апатқа кімнің себепші болғанын анықтау қиын. Айта кетейік, жол-көлік апаты орын алған жерге әзірге жол полиция қызметкерлері келмеген.

Оқиға орнында тек жедел-жәрдем көлігі ғана бар.