Өрт 47 минуттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы мен 5 техникасы, ҚР ТЖМ «Апатты медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрттің салдарынан үш сәби - екі жасар қыз бала, бір жасар ұл бала мен жаңадан туған сәби оқиға орнында көз жұмды. 4 жасар қыз иіс тиіп улану белгісімен және орташа ауырлықтағы күйік шалумен ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы қанағаттанарлық.