ШҰҒЫЛ: Атырауда көлік тұрғын үйге соғылды. ФОТО
16:28, 26 Наурыз 2013
АТЫРАУ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда жеңіл көлік қоршауды бұзған күйі жекеменшік үйге соғылды.
Жол-көлік апаты жекеменшік сектордың көшелерінің бірінде орын алды. Болжам бойынша, жылдамдықты арттырған «Жигули» көлігінің 20 жасар жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Ол қарама-қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысып қалудың алдын алмаққа әрекеттеніп, қоршауды бұзған күйі жекеменшік үйдің қабырғасын соқты.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Үйде болған 18 жастағы жігіт сол уақытта басқа бөлмеде болған.