ШҰҒЫЛ: Атыраудағы кенттік кеңесте жарылғыш затты іздеуде, 47 адам көшірілді

АТЫРАУ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Исатай ауданының Аққыстау кентінде саперлер жарылғыш затты табу бойынша жұмыстарын атқаруда.

Аймақтың ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, салынған жарылғыш зат туралы хабарлама ТЖ бойынша департаментінің «101» нөміріне келіп түскен.