деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ХУ-1 коксохимиялық өндірісінде биылғы 26 маусым күні сағат 16.15-те темір-бетон түтін мұржасы опырылып, жарылған. №5 кокс батареясының аралық жылу қабырғасындағы өртелген өнімдерді жоюға арналған мұржа үшке бөлініп кеткен. Мұржаның сыртқы диаметрі 11 метрді, биікті 90 метрді құрайды», - делінген таратылған хабарламада.
Мұржаның опырылу салдарынан диаметрі 2000 мм тікелей кокс газының газ құбырына зақым келіп, оның соңы кокс газының, көмір дайындау цехы галереясының жануына соқтырды. Коксохимиялық өндірістің химиялық ұстау цехының жұмысы тоқтатылды.
«3 және 4 кокс батареялары әлі де жұмыс істеуде. Доменді, аглодоменді және прокаттық өндірістің жұмысы шектелді», - деп атап өтілген хабарламада.
Тілсіз жау сағат сағат 17.45-те ауыздықталды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.
«ҚР Үкімет басшысының тапсырмасымен оқыс оқиға орнына вице-премьер-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аттанды. Ол штаб отырысын өткізеді», - деп көрсетілген хабарламада.
Компаниядан мәлім етілгендей, оқиғаның себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған. «Комбинаттың жұмысы ішінара тоқтатылды. Пештер қызметі бәсеңдетілді. Әзірге апаттық себептері анықталу үстінде. Апатты жою жоспары әзірленуде», - деп түсіндірді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу бойынша атқарушы директордың орынбасары Вадим Басин.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ArcelorMittal трансұлттық компаниясының құрамына енеді және еліміздің кен-металлургиялық саласындағы ірі кәсіпорын болып табылады. Оның еншісінде Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір кенін өндірудің 4 ошағы бар.