ШҰҒЫЛ: Аязға байланысты бірқатар облыстардың аумағындағы республикалық жолдар жабылды

None
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін қатты аяздың салдарынан бірқатар облыстардың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Сағат 16:00-ден бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар облысының барлық бағыттарында қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Ал ШҚО аумағындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымы учаскесіндегі «Павлодар облысы шекарасы-Семей» аралағында да осындай шектеулер енгізілді.