Оқиға Жеті Оғыз ауданының Қытай ауылының маңында орын алды. Жүргізуші автобусты басқара алмай, ағашқа соғылған.
Оқиға тіркелген жерден ауруханаға қаза тапқан 12 жолаушы жеткізілді, тағы екі жолаушы ауыр халде. Бұл туралы Ыстықкөл облыстық ауруханасының директоры Токтобай Маанаев хабарлады.
«Қазіргі уақытта қаза тапқан 12 адамның денесін әкелді. Сонымен бірге ауруханаға ауыр жарақатпен 7 адам жеткізілді. 4 адам травматология бөлімшесінде, 3 адам, оның ішінде бір бала, жансақтау бөлімінде, екеуі өте ауыр жағдайда», - деп хабарлады Маанаев.
Ыстықкөл облысының ІІД-нен жол-көлік оқиғасы болған жерге жедел- іздестіру топтары шыққандығын мәлімдеді.