ШҰҒЫЛ: Бас прокуратурада В. Челах пен анасының кездесу бейнематериалы көрсетілді

АСТАНА.  13 маусым. ҚазАқпарат -  Бүгін Бас прокуратурада  Владислав Челахтың  анасымен кездесуі барысындағы бейнематериалдар көрсетілді.

Бейнематериал барысында В. Челах анасымен сөйлесу кезінде «Арқанкерген» бекетіндегі шекарашылардың өліміне байланысты өз әрекеттерін мойындады. Сөйлесу барысында анасы ұлының денесіндегі зорлық-зомбылық белгілерін анықтау үшін денесін тексеріп шықты.