Бейсенбіге қараған түні Австралиядағы еуропалық ғарыш агенттігі жоғалып кеткен ресейлік планетааралық аппаратымен байланысқа шықса да, мамандар «Фобос» бортынан алынған ақпарат оқылмай тұрғанын мәлімдеуде.
Ресейдің автоматтық стансасы 9 қараша күні аспанға ұшырылғанымен, қажетті орбитаға шыққан жоқ және екі аптадан бері басқарылмайтын траектория арқылы Жерді айналып ұшып жүр.