АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров шұғыл байланыс телефонына Қырғызстандағы туыстарын іздеп жатқан еліміздің 39 азаматынан хабар түскенін айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, шұғыл байланыс телефоны желісі арқылы Қазақстанның 4 азаматы біздің елшілікпен байланысқан және Қырғызстандағы консул оларды бүгін сағат 17-нің кезінде Қазақстан аумағына өткізіп жіберген.
І. Омаров әр сағат сайын жағдай өзгеріп отырғандығын, Қазақстанның кейбір азаматтары Қырғызстаннан оралғанын, ал кейбіреулері осы елде болуға ниет білдіргенін айтты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.