ОРАЛ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Кәсіпкер, «Талап» АҚ президенті В.Волковтың тікұшағы бүгін қираған күйінде Орал қаласынан 35 шақырым қашықтықтағы Зеленов ауданы Белес ауылы маңынан табылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, хабар түскен бойда жедел штаб құрылып, кәсіпкер ұшағын іздеуге тікұшақтардан бастап төтенше жағдай мен ішкі істер органдары техникалары мен адамдары жұмылдырылған.
Тікұшақпен бірге В.Волков пен аталмыш компания қызметкері Г.Поляничконың мүрдесі табылған.
Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).