ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ақгүл Қарасаева бүгін Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов бастаған сотталушыларға қатысты үкім шығарды.
Үкім бойынша мүліктерін тәркілеумен бірге М.Оңдағанов 12 жыл, Меңдіхан Жәкенов 11 жыл, Қоныс Жетпісов пен Тұрарбек Бекарыстанов 8 жыл қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды.
Сонымен қатар олар 5 жылға мемлекеттік қызмет атқару құқықтарынан айырылды. Оларға ұйымдасқан топ құрып, 170 млн. астам теңге бюджет қаржысын қымқырды деген айып тағылған болатын. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).