ШҰҒЫЛ: БҚО-да жас жігіт өзінің үйлену тойында көз жұмды

Фото: None
ОРАЛ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының А. есімді тұрғыны өзінің үйлену тойында көз жұмды.

Аудан орталығындағы «Бозбаев» кафесінде өткен үйлену тойының соңында жас жігіт фотоға түсіп абыр-сабыр болып жатқан дүйім жұрттың ортасында есінен танып құлаған. Мамандардың айтуынша, оның қан қысымы күрт көтеріліп кеткен.