ШҰҒЫЛ: Боранға байланысты екі облыстың аумағындағы жолдар жабылды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранға байланысты еліміздің екі облысының аумағындағы жолдар жабылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақмола облысы бойынша сағат 19:00-ден бастап барлық автокөлік түрлері үшін мына жолдарда қозғалыс шектелді:

- «Екатеринбург-Алматы» жолының 913-1114 шақырымындағы Жақсы -Жалтыр аралығы; - «Жақсы- Есіл -Бұзылық» жолының 0-82 шақырымы; - «Жезқазған - Петропавл» жолының 537-552 шақырымындағы Бұзылық-Сұрған; - «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 232-260 шақырымындағы Қостанай обл.-Сұрған аралығы; - «Көкшетау-Атбасар» жолының 100-184 шақырымы.

Қостанай облысы аумағындағы боран салдарынан бүгін кешқұрым «Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» жолының 82-164 шақырымы, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 217-232 шақырымында жолдар жабылды.