ШҰҒЫЛ: Бүгін Алматыда бірнеше дүкен өртке оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Көк базар маңында орналасқан бірнеше азық-түлік дүкені өртке оранды. Бұл туралы Алматы қалалық өртке қарсы қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мақатаев және Пушкин көшесінің қиылысында орын алған өрттің жалпы аумағы алдын ала деректер бойынша шамамен 200 шаршы метрден астам.

Шамамен сағат 13:50-де келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынды 20 минут ішінде ауыздықтап үлгерген. Қазіргі сәтте өрттің салдары жойылуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша тілсіз жаудың салдарынан бір шаштараз, дүкен және кафе өртеніп кеткен.

Қазір өрттің неден болғаны анықталу үстінде.