АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Бас Прокуратурасына Астана қаласындағы Ұлттық Медициналық Холдингтің Ана мен бала ұлттық орталығында лейкоз дертіне шалдыққан науқас балалардан гепатит вирусының анықталу жағдайына бірлескен тексеріс өткізу жөнінде ұсыныс жасады.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.