Бүгін Қызылорда қаласында Қорқыт ата көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 2008, 2010 және 2011 жылы туған үш бала иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ Ақмола облысының Бектау ауылында бейсенбі, 18 қазан күні Жастар көшесіндегі екі пәтерлі жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын тілі 18 шаршы метр аумақты шарпыды. ТЖ орнында 2 жастағы сәбидің мүрдесі анықталды. Иіс тиіп уланған 2008 жылғы тағы бір бала ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер келгенше жергілікті тұрғындар ауыздықтады.