ШҰҒЫЛ: Елордада автобусқа «КамАЗ» көлігі соқтығысты, жолаушылар арасында адам шығыны бар

None
  АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Сарыарқа мен Кенесары көшелерінің қиылысында көлік апаты орын алды.

№ 36 автобусқа кранды «КамАЗ» соқтығысты.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, автобус жолаушылары арасында адам шығыны бар. Олардың саны туралы нақты ақпарат әзірше жоқ.