ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай,полиция қызметкерлері оның иелігіндегі «BMW-X 5» маркалы көлігін тексеру кезінде орындықтың астынан 9 мм калибрлік 7 оқ-дәрісі салынған қарудың сөмкесі бар Макаров пистолеті табылп, тәркіленді. Ұсталғанның үйін тінту барысында полиция қызметкерлері ПМ түріндегі травматикалық пистолетті тауып, тәркіледі.
Осы күні ҰҚКБ-ның қызметкерлерімен өткізілген жедел-іздестіру шарасының барысында аталмыш қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды. Олардың басым денін 26, 27 және 28 жастағы жігіттер құрайды, екеуі Қарағанды қаласының тумасы, үшіншісі Өзбекстан Республикасының азаматы. Ұсталғандарға бопсалау пен ауыр қылмыс жасау әрекеті бойынша айып тағылып отыр.
Анықталғандай, ұсталған күдіктілер Астана қаласының құрылыс фирмаларының бірін және қалалық көлік жуу бекетінің иесін бопсалап, ақша талап еткен. Олар қару қолданып кәсіпкерлерді қорқытқан, құрылыс фирманың күзетшісі мен көлік жуу бекетінің иесін жарақаттаған. Сонымен қатар олардың біреуі бұған дейін қылмыстық топпен тонау әрекеттерін іске асырып, «Тойота Ланд Крузер» маркалы көлікті алып қойған.
Күдіктілерден «ОСА» маркалы травматикалық пистолет пен жиналмалы 4 пышақ анықталып, алынды.
Қылмыстық топтың серкесі М. есімді азаматтың үстінен ҚР ҚК-нің 251 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 257 бабы мен ҚР ҚК-нің 179 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.