Оның атап өтуінше, тілсіз жау шарпыған аумақ 1000 шаршы метрді құрайды.
«Қоңырау сағат 11:04-те түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына 11:09-да жетті. Өрт әлі сөндірілген жоқ. Қазіргі уақытта 17 негізгі және 7 арнайы өрт сөндіру машинасы жұмыс істеуде. Арнайы мамандандырылған көпфункционалды өрт сөндіру техникасы да жұмылдырылуда. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 76 өрт сөндірушісі қызыл жалынмен арпалысуда. Өрт сөндіруге тауарлардың өте көп болуы кедергі келтіруде», - деп атап өткен Б.Есмағанбетова қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екендігін де ескертіп өтті.