ШҰҒЫЛ: Грек-рим күресінен балуанымыз А.Кебісбаев Олимпиада жүлдесі жолындағы жарысын жеңіспен бастады

None
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 60 келі салмақ санатында грек-рим күресінен боз кілемге шыққан Алмат Кебісбаев алғашқы айналымда жеңіске жетіп, 1/8 финалға өтті.

Ол украиндық қарсыласы Ленур Темировты 8 ұпаймен айқын жеңді.

1987 жылдың  12 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келген бұл балуанымыз қазіргі уақытта елорда атынан өнер көрсетеді. Ол Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-придің иегері, Мәскеуде өткен әлем чемпионатының күміс, Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.