ШҰҒЫЛ: Ілияс Сүлейменов Қазақстан үшін сегізінші олимпиадалық лицензияны жеңіп алды

None
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан бокс бойынша Азиялық олимпиадалық білікті жарыстағы 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов қытайлық Йог Чангпен жекпе-жекке шығып, 19:12 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстанның бокс бойынша құрамасы Лондондағы Олимпиада ойындарына сегізінші лицензияны жеңіп алды.

Жаттықтырушысы - Ақылбек Нұрмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше астаналық рингте олимпиадалық кәсіби жарыс финалының ¼ жекпе-жектері басталды. Ширек финалда бәрінен де Қырғызстаннан және Ираннан боксшылар көп болған - әрқайсысында алты боксшыдан шықты. Қытай, Үндістан, Моңғолия, Өзбекстан және Тәжікстаннан ширек финалға бес өкілден қатысты.