Осылайша, Қазақстанның бокс бойынша құрамасы Лондондағы Олимпиада ойындарына сегізінші лицензияны жеңіп алды.
Жаттықтырушысы - Ақылбек Нұрмағамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, кеше астаналық рингте олимпиадалық кәсіби жарыс финалының ¼ жекпе-жектері басталды. Ширек финалда бәрінен де Қырғызстаннан және Ираннан боксшылар көп болған - әрқайсысында алты боксшыдан шықты. Қытай, Үндістан, Моңғолия, Өзбекстан және Тәжікстаннан ширек финалға бес өкілден қатысты.