Зілзаланың ошағы Пәкістанмен шекаралас Систан және Белуджистан провинцияларында болды. Атап айтқанда, соңғы 40 жылда аталған елде бұндай қатты жер сілкінісі орын алып отыр.
Жерасты дүмпуі Үндістан астанасы мен Парсы шығанағы елдерінде сезілген. Бұл елдерде биік ғимараттардың шайқалуы байқалып, адамдар үрейленіп көшелерге шыққан.
10 сәуірде Иранның оңтүстік-батысындағы 6,8 магнитудадағы жер сілкінісінен 37 адам қаза болды. Ол кезде 850 адам зардап шеккен еді.