Оқиға кеше Ақтоғай ауданының Сарышаған кентінде орын алды. Шамамен сағат 23.00-де үйлердің бірінде белгісіз бір ер адам елді мекеннің 26 жастағы тұрғыны, дене шынықтыру мұғалімін атып кетті.
Жәбірленуші оң жамбасына тиген оқпен ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК-нің 257-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті анықталды, оны қолға түсіру бойынша шаралар жүргізілуде. Тексеру амалдары жүріп жатыр.