Шұғыл: Қарағандыда сорғы стансасының кәріз тұндырғышынан нәресте табылды

None
ҚАРАҒАНДЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы сорғы стансасының кәріз тұндырғышында құрсақтағы 5-6 айлық дамуы бар нәресте табылды,

деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«8 наурызда «Қарағанды Су» ЖШС-нің кезекші машинисі жабдықтарды тексеру кезінде сорғы стансасының кәріз тұндырғышынан құрсақтағы 5-6 айлық дамуы бар нәрестені тапты. Әйел ол туралы бірден полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта болған оқиғаны анықтау үшін тергеу алдындағы тексеру шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция баланың анасын анықтау шараларын қолға алды. Сондай-ақ сот медициналық зерттеу тағайындалды.