ШҰҒЫЛ: Қарағандылық «Шахтер» албандық «Скендербеуді» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. ВИДЕО

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында қарағандылық «Шахтер» албандық «Скендербеуді» 3:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Матчтың бірінші таймында Алдин Джидич бұрыштама добынан кейін баспен қақпаны дәл көздеді - 1:0. Үзілістен кейін Гедиминас Вичюстің пасынан Роман Муртазаев есепті еселеді - 2:0. Ал матчтың соңғы минуттарында Сергей Хижниченко қорытынды есепке нүкте қойды - 3:0.

Командалардың қарымта кездесуі 6 тамыз күні өтеді.

«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) - «Скендербеу» (Корча, Албания) 3:0 (1:0)
Голдар: Джидич 8 (1:0), Муртазаев 79 (2:0), Хижниченко 90 (3:0)
Ескерту: Финонченко 23
«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев, Джидич, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс (Байжанов 90), Финонченко (Дарабаев 86), Зенькович (Муртазаев 73), Хижниченко
«Скендербеу»: Шехи, Врапи, Адемир, Радаш, Гвозденович (Димо 90), Орелеси, Томич (Абази 72), Сефа, Лиляй, Шкемби, Пеич (Нимага 46)
Бас төреші: Алексей Николаев (Ресей)
30 шілде. Астана. «Астана Арена».