ШҰҒЫЛ: Қаржы полициясы аса ірі көлемде пара алған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК президентін қамауға алды

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстады.

Оған жалпы құны 15 млрд. теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешені құрылысының жұмыстарын жүргізуге байланысты өткен конкурста «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы - Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

«Құлагер» ҚК» ЖШС-нің басқарма төрағасы Т.Егенбаев және «Сұңқар Күзет» ЖШС директора Асылбеков те ұсталды.

Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпталуда.

3 тамызда Мырзақұлов пен Асылбеков сот санкциясымен қамауға, Егенбаев - үйқамаққа алынды.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.