Оған 2006 жылы «Транстелеком» АҚ бірінші вице-президенті болған кезінде, өз қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланып, «КТ&Т» ЖШС-мен консорциалдық келісім-шартқа заңсыз қол қойып, мемлекетке 4,1 млрд. теңге залал келтірген деп күдік тағылуда.
Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ мен «KT&T» ЖШС арасындағы келісімшарт жалған мәміле болып табылады. Ол мемлекеттің 4,1 млрд. теңгесінің негізсіз төленуіне әкеліп соққан.
Ағымдағы жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасымен аталмыш консорциалдық келісімшарт жарамсыз деп танылды.
Бүгінгі күні Абдрахмановқа қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.
Тергеу жүргізілуде, нәтижелері жұртшылыққа жария етілетін болады.