ШҰҒЫЛ: Қаржы полициясы пара алу үстінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің лауазымды тұлғасын ұстады

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 8 мамырда Қаржы полициясы агенттігі Астана қаласының дәмханаларының бірінде

коммерциялық ұйым өкілінен Энергетикалық сараптаманы жасауға аккредитациялау туралы куәлігін беруді тездету үшін 1 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы Ж. Көшкінбаевты ұстады.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осы күні аталған тұлғаға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11 мамырда Көшкінбаев сот санкциясымен қамауға алынды.