ШҰҒЫЛ: Каспий теңізінде қайықтары мұз құрсауында қалған балықшыларды құтқару операциясы қайта жалғасты

None
АТЫРАУ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырауда Каспий теңізінде мұз құрсауында қалып қойған балықшыларды құтқару операциясы қайта жалғасты.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, теңізде шамамен алғанда, әлі күнге дейін кем дегенде 30 адам көмек күтуде.

Естеріңізге сала кетейік, теңізде қиын жағдайға душар болған балықшыларды құтқару операциясы Атырауда кеше басталып, түнге дейін жалғасқан. Кеше 64 балықшы жағаға жеткізілді. Каспий теңізіне балық аулауға шыққан балықшылар қайығы жағадан 20-25 шақырым жерге ұзаған, ал аяқ астынан аяз түскенде мұз құрсауында қалып қойған. Балықшыларды құтқаруға үш тікұшақ жұмылдырылды.

«Екі тікұшақ 19 және 24 адамды жағаға жеткізді. Ал кешке тікұшақтармен тағы 21 адам құтқарылды. Барлығы 64 адам аман-сау жағаға жеткізілді»,- дейді Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаров.

Кеше қараңғы түсе тоқтаған құтқару операциясы бүгін таң ата қайта жалғасты.