ШҰҒЫЛ: «Қазақмыстың» Березов кен байыту фабрикасында ішінде кені бар бункер опырылды, қаза тапқандар бар

None
ӨСКЕМЕН. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақмыс» ЖШС филиалының Березов кен байыту фабрикасында кені бар параболалық бункер қирады, деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Бункердің опырылуы салдарынан 5-ші разрядты кен диірменінің машинисі 1966 жылы туған Борис Иванов үйінді астында қалды.

Қазір Ертіс әскери тауда құтқару жасағымен зардап шеккен адамның денесін үйінді астынан аршып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс прокурорының нұсқаумен Глубокое ауданының прокуратурасы аталған факті бойынша «Қазақмыс» филиалының Березов кен байыту фабрикасында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға байланысты тексеріс жүргізуде.

Тексеріс нәтижесі бойынша прокурорлық әрекет ету шаралары қабылданады.