ШҰҒЫЛ: Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып З.Хасанов пен А.Карапетян тағайындалды

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» тақырыбымен өткен ХІХ сессиясында Ассамблея төрағасының 2 орынбасары тағайындалды.

ҚР Президенті, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, Ассамблея кеңесі төраға орынбасарлары лауазымына 2 кандидатты, атап айтқанда, Қазақстандағы түріктер қоғамының төрағасы Зияддин Хасанов пен Қазақстандағы армяндар қауымдастығының төрағасы Артюша Карапетянды ұсынған.

«Қазіргі уақытта  бұл лауазымдарда Шардинов Ахметжан Бәкірұлы мен Тимошенко Юрий Евгеньевич жұмыс істеуде. Қазақстан халқы Ассамбелясының атынан оларға жақсы, белсенді жұмыстары және біз көрсеткен сенім мүддесінен шыққандары үшін алғыс білдіргім келеді», - деді Н.Назарбаев.