Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ведомствоның қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әміржан Ақшолақов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бейнекамералар вагонның ішінде ғана емес, сыртында да орналастырылатын болады. Бригадирлік вагонның тоғызыншы купесінде пойыздағы жалпы қауіпсіздік жағдайын талдап отыратын кішігірім орталық жабдықталады. «Бұл шаралар жолаушыларды тонау және терезелерді сындыру оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді», - деді Ә. Ақшолақов.
Сондай-ақ бейнекамералар жолсеріктердің өз қызметін салғырт атқаруға, билетсіз жолаушылар мен заңсыз жүктерді тасымалдауға тосқауыл болмақ.
Оның атап өткеніндей, аталмыш идея «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығының үлкен қолдауына ие болды.