Аталмыш өңірлік қылмыстық атқару жүйе департаментінің өкілі Ирина Горнованың сөзіне қарағанда, «ҚазМұнайГаз» компаниясының бұрынғы басшысы Серік Бүркітбаев Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының үкімімен мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылды. Аталмыш үкім 2012 жылдың 16 қарашасында заңды күшіне енді.
С. Бүркітбаев ЕЦ-166/25 түзеу мекемесінде жазасын өтеп, өзін жақсы жағынан көрсетті.
Оған қоса сотталушыдан сотқа оны мерзімінен бұрын-шартты түрде бостандыққа шығару жөнінде өтініш келді, ол қанағаттандырылды, деп атап өтті И. Горнова.