ШҰҒЫЛ: Көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы  «Қазақавтожол» РМК-ның  баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Павлодар облысы аймағы бойынша сағат 17.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» (1205-1367 км) автожолының «Шідерті- Ақсу» учаскесінде автокөліктің барлық түрлерінің жолға шығуына тыйым салынды.

Ал Қарағанды облысы бойынша сағат 17.30-дан бастап Павлодар облысының жолдарындағы шектеулерге байланысты (көктайғақ)  «Қызылорда-Павлодар» (1069-1135 км) автожолының «Молодежный-Павлодар обл. шекара» учаскесінде автокөліктің барлық түрлерінің жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777; Павлодар облысы бойынша 8 (7182) 57-09-44; Қарағанды облысы бойынша 8 (7212) 77-25-54 телефондары арқылы мәлімет алуға болады.